«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы бойынша ақпарат.

Заң мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған және Қазақстан Республикасының 76 заңнамалық актісіне өзгерістер енгізуді көздейді.

Заңмен қарастырылған:

- Денсаулық сақтау ұйымдарында мүгедек адамдарға бірінші кезекте қызмет көрсету құқығын айқындау;

- мүгедек баланы санаторий-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің біріне санаторий-курорттық ұйымда болу құнын Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70% - ы мөлшерінде өтеу;

-психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашу бойынша нормативтерді 60 мың баладан 50 мың балаға дейін азайту;

- «абилитация» ұғымын енгізу (мүгедектігі бар адамдардың тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби қызметке деген қабілетін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені);

- үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды құқықтық және техникалық сипаттағы нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде жекеше нотариустардың қызметтеріне ақы төлеуден босатылған адамдар санатына енгізу;

-мүгедек адамдардың мүдделерін сақтай отырып, интернет-ресурстарды құру және ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдауыштарына орналастыру;

- Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбандары ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету;

-жер қойнауын пайдаланушылар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлетін 1% шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген және мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыратын әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау. Норма 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі;

- такси тасымалдаушыларында мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша 10 автомобильге бір мамандандырылған автокөліктің болуын міндетті түрде анықтау. Норма 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі;

- тасымалдаушылардың мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға бейімделген автобустарды басымдықпен сатып алуы. Норма 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі;

- мүгедектікті анықтау бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамадан сырттай өту мүмкіндігін беру;

- дәріханалары жоқ ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін дәрілік заттарды денсаулық сақтау ұйымдары арқылы өткізуді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, «мүгедек» ұғымын «мүгедектігі бар тұлғаға» және «мүгедек бала» ұғымын «мүгедектігі бар балаға» өзгерту, министрлердің штаттан тыс кеңесшілерін, аудандардың, қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін мүгедектік мәселелері бойынша тағайындау тәртібін әзірлеу көзделген.