Солтүстік Қазақстан облысында мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын бейімдеу

Солтүстік Қазақстан облысында мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын бейімдеу

Облыста мүгедек адамдар үшін кедергісіз орта құру тұрақты бақылауда.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес «кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлік құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергісіз кіріп-шығуына, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңіз және өзен порттарында еркін бағдар ұстануы мен жүріп-тұруына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға міндетті. Көрсетілген объектілерді мүгедектердің қол жеткізуі үшін бейімдеу мүмкін болмаған жағдайларда, тиісті жеке және заңды тұлғалар мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің бірімен әзірленуге, келісілуге және мүгедектердің қажеттіліктерін барынша ескеретін қажетті шаралар жүзеге асырылуы тиіс».

2021 жылы Үкімет Amanat партиясының «Өзгерістер жолы: әрқайсысына лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі- сайлауалды бағдарлама) бекітті, оған сәйкес мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін Солтүстік Қазақстан облысында 5 жыл ішінде 1294 әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысаны бейімделуі тиіс.

2021 жылдың басында аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері халықтың қауқары аз топтары үшін кедергісіз орта құру мақсатында әлеуметтік маңызы бар 258 нысанды бейімдеу жөнінде жоспар-кестені қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша, бейімделуге жататын 258 нысанның орнына 259 (100,4%) нысан қолжетімділік элементтерімен қамтамасыз етілген, оның 17-сі мемлекеттік қызмет көрсететін нысан, 36 –сы мемлекеттік мекеме, 60 – сы білім беру нысаны, 38 – і денсаулық сақтау нысаны, 18-і мәдениет нысаны, 4-уі дене шынықтыру және спорт нысаны, 7-уі көлік инфрақұрылым нысаны, 79 –ы өзге де қызметтер көрсететін нысан болып табылады.

2022 жылы тағы 258 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын (өсуін ескере отырып, 2021-2022 жылдары 516 нысан) бейімдеу жоспарлануда. Ағымдағы жылғы қаңтарда жергілікті атқарушы органдар бейімделуге жататын нысандар кестесі мен тізімін бекітті. Бейімделетін нысандаржың жоспар-кестесіне мүмкіндігі шектеулі азаматтар көп келетін ұйымдар, бөлімдер кірді, оның ішінде: 3мемлекеттік қызмет көрсететін  нысан, 38 мемлекеттік мекеме, 89 білім беру нысаны, 16 денсаулық сақтау нысаны, 20 мәдениет және спорт нысаны, 38 сауда нысаны, 54 өзге де қызметтер көрсететін нысаны.

Бейімдеу жоспар-кестесінің іске асырылуын бақылау мақсатында барлық аудандар мен Петропавл қаласында мониторингтік топтар құрылды, олардың құрамына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары кірді. Мониторингтік топтар жыл бойы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін бағалайды, мониторингке мүгедек адамдардың құқықтарын қолдау саласында өз қызметін жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің мүшелері тартылады, нысандардың меншік иелеріне бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар береді.Жеке және заңды тұлғалар халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділікті  қамтамасыз етуден бас тартқан жағдайда, профилактикалық бақылау жүргізу және лауазымды, жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне хаттар жіберіледі.

Бүгінгі таңда осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.