Аға буын азаматтарының белсенді өмір салтын ұстануын қолдау

Аға буын азаматтарының белсенді өмір салтын ұстануын қолдау

2021 жылдан бастап облыс халқын әлеуметтік қорғау жүйесінде аға буын адамдарына қолдау көрсету үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Петропавл қаласының аумағында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (БҰО) жұмыс істей бастады.

Ағымдағы жылғы наурыз айынан бастап БҰО қызметі жалғастырылды және зейнеткерлік жастағы адамдарға мәдени-демалыс, сауықтыру, білім беру іс-шараларын көрсетуге, психологиялық, құқықтық кеңес беруге, қызығушылықтар бойынша іс-шараларға (шығармашылықпен айналысу, үйірме жұмысы, экскурсиялар және т.б.) тартуға бағытталған.

БҰО қызметі және өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпаратпен Instagram әлеуметтік желісінің centr_activ_sko парақшасында танысуға болады.