«TEN QOGAM» мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы

«TEN QOGAM» мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы

Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Петропавл қаласында «TEN QOGAM» мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы өз жұмысын бастады. Орталық жұмысын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі» ЗТБ жүзеге асырады.

Орталықтың негізгі мақсаттары, функциялары мен міндеттері:

- мүгедектігі бар адамдарға және отбасыларының мүшелеріне әлеуметтік және еңбек құқықтары аясында әлеуметтік, құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру;

- қиын өмірлік жағдайға душар болған мүгедектігі бар адамдарға және отбасыларының мүшелеріне психологиялық көмек көрсету, тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға үйрету;

- мүгедектігі бар адамдардың жеке қабілеттерін, дағдыларын, оқуын және қайта оқуын ескере отыра оларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс іздеуде жәрдем беру және сүйемелдеу, және т.б.

Жыл бойы:

- Орталыққа келгендердің ішінен мүгедектігі бар 35 адамға семинар-тренингтер мен кәсіби оқыту курстарын ұйымдастыру,  

- семинар-тренингтер мен кәсіби оқыту курстарын сәтті аяқтағандардың ішінен 21 адамды белсенді жұмыспен қамту шараларына тарту,

- мүгедектігі бар 495 адамға кеңес беру жоспарланады.

Орталықтың қызметтерін алу үшін М.Жұмабаев көшесі 114, № 115 кабинетке жүгіну, немесе +7 708 432 09 92 телефоны бойынша хабарласу қажет. Сондай-ақ, What`sApp мессенджері арқылы онлай-кеңес беру көзделген.