Халықты, оның ішінде жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша тәжірибелік көмек көрсету мақсатында аудандар мен Петропавл қаласындағы жұмыспен қамту органдары жұмыс берушілердің, жастар ресурстары орталықтары, мемлекеттік қызмет кадр бөлімдері өкілдерінің қатысуымен Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып отырады.
Жәрмеңке өткізу барысында жұмыс іздеушілерге бос жұмыс орындары бар тақырыптық буклеттер ұсынылады, стендтерде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шарттары туралы ақпарат орналастырылады.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізу мерзімі туралы хабарландырулар аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту қызметі сайттарында, әлеуметтік желілерде (Telegram, Instagram, facebook) жарияланады, аудандық және қалалық газеттерде басылады.
Жыл сайын облыста 70-тен астам жәрмеңке өткізіледі.
2022 жылдың басынан бері Есіл ауданының ашық әкімдігінде кестеге сәйкес Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, онда жұмыс берушілер 100-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды.
Өткізілген жәрмеңке нәтижесінде 26 адам кеңес алды, олардың 10-ы жоғарыда аталған жобаларға қатысуға ниет білдірді, 6-уы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.