2021 жылы халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және 2022 жылға қойылған міндеттер

2021 жылы халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және 2022 жылға қойылған міндеттер

2021 жылы халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс – шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде іске асырылды.

Бағдарламаға 20 мыңнан астам адам қатысты, оның 17 мыңға жуығына жұмысқа орналастыру, 1019 адамға техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамту бойынша шаралар көрсетілді,  2732 адам кәсіпкерлік қызметке тартылды.  

2022 жылы халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс – шаралар Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның бағыттары шеңберінде жалғасатын болады.

Ағымдағы жылы 14,5 мың адам жұмысқа орналастырылатын болады, 1403 адам кәсіпкерлік қызметке тартылып, жұмыс орнында және жұмыс берушілердің сұрауы бойынша 500 жұмыссыз кәсіптік оқудан өтеді.