2021 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедек адамдарға 9 640 қызмет көрсетілді

2021 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедек адамдарға 9 640 қызмет көрсетілді

Облыста 25 мыңнан астам тұрғыны бар мүгедек адамдарды қолдау әлеуметтік қорғаудың маңызды элементі болып табылады.

2021 жылы осы санат үшін Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылған оңалтудың техникалық құралдарымен (протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, кресло-арбаларды және т.б. ұсыну) қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар шеңберінде көзделген.

Өткен жылы Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдар 9 640 іс – шара (89,6%) бойынша оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін (бұдан әрі – ОТҚ) алды, оның ішінде: 4 663-і міндетті гигиеналық құралдармен, 204-і ымдау тілі маманының қызметтерімен, 710-ы жеке көмекші қызметтерімен, 678-і санаторлық – курорттық емдеумен, 450-і сурдологиялық көмекпен, 595-і тифлотехникалық құралдармен, 396-сы кресло – арбалармен, 1 944-і протездік – ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етілді.

Портал мүгедек адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндіруші мен  өнім берушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы тапсырыс беріледі. Тапсырыс берілген ОТҚ өздері әкетеді немесе жеткізіп салу әдісін қолдана алады. Порталды пайдалану бойынша 1414 бірыңғай нөміріне (тілді таңдағаннан кейін, 5 санын басу қажет) қоңырау шалу арқылы кеңес  алуға болады.