Мүгедектер істері жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы

Мүгедектер істері жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы

2021 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Ж. Шәпкеновтің төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.С. Сұлтанғазиевтің, қоғамдық бірлестіктердің, облыстық және аумақтық органдар басшыларының қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимінде мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы Республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

 Үйлестіру кеңесі отырысында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру, мүгедектіктің алдын алу және оған ерте араласу, мүгедек адамдардың әлеуметтік интеграциясы үшін жағдайлар жасау, өңірлерде мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету, инклюзивті білім беру кешенінде жастардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін қолдау, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешуде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мүмкіндіктері сияқты мәселелер қаралды.

 Отырыс соңында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің мүгедектік істері жөніндегі кеңесшісі, «Одно единое» қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.В. Эрманға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің алғыс хаты табыс етілді.