Қазақстанда мүгедектігі бар тұлғаларға арналған «Ten Qogam» мобильді қосымша пайда болды

Қазақстанда мүгедектігі бар тұлғаларға арналған «Ten Qogam» мобильді қосымша пайда болды

Солтүстік Қазақстан облысы, 14 желтоқсан – «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі» ЗТБ мүгедектігі бар адамдарға арналған «Ten Qogam» мобильді қосымшасымен таныстырды. Қосымша Қазақстанның барлық өңірлерінен мүгедектігі бар адамдар үшін құқықтар, жеңілдіктер, оқыту, жұмыспен қамту және басқа да көптеген мәселелер туралы өзекті және жүйелендірілген ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жоба «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) әзірлеген «Qolda 3.0» шұғыл көмек бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мүгедектігі бар 26 мыңнан астам адам тұрады. Технологияның дамуына қарамастан, мұндай адамдар үшін қажетті ақпараты бар сапалы мобильді қосымшалар мен сайттар жоқ. Команда мүгедек адамдардың барлық санаттары үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде «Ten Qogam» мобильді қосымшасын әзірледі.

«АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігінің директоры Ақжан Кәрім:

«Бұл қосымша мүгедек адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне заңдардағы соңғы өзгерістерді және мәдени-демалыс нысандарының қолжетімділігін біліп отыруға мүмкіндік береді. Қосымша арқылы инватакси қызметтерін пайдалану, тамақ өнімдерін, дәрілік заттарды жеткізуге тапсырыс беру мүмкіндігінің пайда болғанын» атап өтті.

 Қосымшада құқықтар, жеңілдіктер, оқыту, жұмыспен қамту, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және т. б. блоктар бойынша өзекті ақпарат бар,  кез-келген құрылғыдан кіру ыңғайлы болу үшін барлық ақпарат https://tenqogam.kz / сайтында қайталанып отырады. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін өзекті ақпараты бар «Қызметтер және сервис» қосымша парағын барлық облыстар аумағына кеңейту жоспарлануда.

Бұған дейін «Ten Qogam» қосымшасының функционалы мен контентін талқылау үшін Халықты жұмыспен қамту орталығы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, «Нұр Отан» партиясы және қоғамдық ұйымдар өкілдерінен тұратын фокус-топтың отырысы өтті. Фокус-топтардың қатысушылары қосымшаның өзектілігін атап өтті, мазмұны мен функционалы бойынша ұсыныстар берді. Мысалы, олар пайдаланушыларға қолжетімділік элементтерін көрсете отырып, қосымшаны мәдени-демалыс іс-шаралары туралы хабардар ету үшін пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ, қосымшаға «Спорт» қосымша парақшасын қосуды ұсынды. Отырыс қорытындысы бойынша, қатысушылар «Ten Qogam» мобильді қосымшасын жетілдіруге және ілгерілетуге көмек көрсету туралы шешім қабылдады. 

3 желтоқсанда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Ten Qogam» мобильді қосымшасының тұсаукесері өтті. Қосымшаны Play Market-тен жүктеуге болады.