Әлеуметтік жұмыс орындары

Әлеуметтік жұмыс орындары

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) үшінші бағыты шеңберінде жұмыссыз азаматтарға әртүрлі қолдау түрлері ұсынылады. Осындай нысандардың бірі әлеуметтік жұмыс орындарына (бұдан әрі – ӘЖО) жіберу болып табылады.

ӘЖО жұмыс берушімен халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде белгіленген жалақы мөлшерінің 35%-ын субсидиялай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін құрылады.

Жыл басынан бері құрылған жұмыс орындарына наубайшы, төбелік жабдығы бар станок операторы, жүргізуші, сатушы, бас аспазшының көмекшісі және т.б. мамандықтар бойынша 517 адам жұмысқа орналастырылды.

ӘЖО қатысқаннан кейін 178 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушылардың бірі «Сухова» ЖК-ға (Айыртау ауданы) наубайшы ретінде жұмысқа орналасқан Р.К. Айтқұлова болды, алдағы уақытта жұмыс беруші бағдарлама қатысушысын тұрақты жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр.