Солтүстік Қазақстанда 26 мыңнан астам мүгедек тұрады. Оларға жан-жақты көмек қажет. Тиісінше мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсететін «Тең қоғам» орталығы өз жұмысын бастады. Толығырақ тілші баяндайды.
Зарина Арсланованың жасы 25-те. Мүмкіндігі шектеулі келіншек бүгінде 2 жасар баласымен жалдамалы пәтерде тұрады. Тұрмыс жағдайы мәз емес. Орталықтың ашылғанын естіген азаматша хабарласып көмек сұрады.
ЗАРИНА АРСЛАНОВА, 1 ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК:
«Тең қоғам» орталығында заңгер, психолог тағы да басқа сала мамандары жұмыс істейді. Олар мүгедек жандардың қалыпты өмірге бейімделуіне, белгілі бір салаға қатысты сұрақтарына жауап алуына көмектеседі. Мысалы жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегіне тұру сынды мәселелерде кеңестер беріп, арнайы тренингтер мен шеберлік сағаттарын өткізіп отырады.
АҚЖАН КӘРІМ - «TEN QOGAM» МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Облыс орталығынан алшақ ауалдарда тұратын мүгедек жандар үшін What’sApp, Telegram әлеуметтік желілері арқылы онлайн консультациялар жүргізіледі.