Қызметi мүгедек адамдардың өмiр сүру сапасын жақсартуға бағытталған «ITeachMe» құзыреттердi дамыту орталығы» қоғамдық қоры «ITeachMe» әлеуметтiк жобасының бесiншi маусымын iске асыра бастады. Жоба жастар арасында танымал, өйткенi ол әркiмге digital саланың ең заманауи бағыттарында дағдылар алуға мүмкiндiк бередi, ал курстарды табысты аяқтағандарға қоғамдық қор бизнес-компанияларда тағылымдамадан өтуге, алғашқы еңбек тәжiрибесiн алуға және қаржылық тәуелсiздiк құруға көмектеседi.
Қоғамдық қор мүгедектiгi бар адамдар арасындағы тәуелсiз өмiр философиясы идеясын, қоғамдық сананы жаңғырту идеясын ұстанады және өзiнiң түлектерi жетiстiктерiнiң тарихымен, мүгедектiк пен медициналық диагнозға қарамастан, әркiм кәсiпқой бола алатынын және өзiнiң әлеуетiн iске асыра алатынын дәлелдейдi.
«IteachMe» жобасына қатысуға өтiнiм беру үшiн: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdTX_7CN2Usa0_fWWQk9DhyhH69EVQVAaPOKuUwmYOjxvZUQ/viewform?usp=sf_link сiлтемесi бойынша өту қажет.