Балалар мен жасөспiрiмдерге арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн мамандарға арналған ақпараттық-түсiндiру вебинары

Балалар мен жасөспiрiмдерге арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн мамандарға арналған ақпараттық-түсiндiру вебинары

БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкiлдiгi (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен және «Жастар қызметкерлерiнiң қоғамдастығы» ҚБ-мен әрiптестiкте бола отырып, жасөспiрiмдер мен жастардың дағдыларын дамытудың әлеуметтiк инновациялар мен кәсiпкерлiк үшiн бiрлескен бағдарламасын iске асыруда. Бағдарлама Upshift халықаралық танылған тәсiлiне негiзделген және халықтың осал топтарынан шыққан жасөспiрiмдер үшiн әлеуметтiк инновациялар мен кәсiпкерлiкке қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған.

Қазақстанда бағдарлама 2020 жылы басталып, Самғау атауымен өтуде, өмiрлiк дағдыларды нығайту бойынша онлайн тренингтердi, инновациялар бойынша практикалық семинарларды, тәлiмгерлiктi және әзiрленген шешiмдердi сынақтан өткiзуге арналған шағын гранттарды бiрiктiредi.

2021 жылғы 20 сәуiрде облыстың балаларға әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарының әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi мамандары және аудандар мен Петропавл қаласының үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiнiң меңгерушiлерi балалар мен жасөспiрiмдерге арнайы әлеуметтiк қызмет көрсететiн мамандарға арналған ақпараттық-түсiндiру вебинарына қатысты.