СҚО әкiмдiгi, жұмыс берушiлер бiрлестiктерi және кәсiптiк одақтардың аумақтық бiрлестiгi арасында 2021-2023 жылдарға арналған келiсiм жасалды

СҚО әкiмдiгi, жұмыс берушiлер бiрлестiктерi және кәсiптiк одақтардың аумақтық бiрлестiгi арасында 2021-2023 жылдарға арналған келiсiм жасалды

2021 жылғы 6 сәуiрде Әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi облыстық үшжақты комиссияның отырысы өттi, оған салалық басқармалар, кәсiподақ ұйымдарының өкiлдерi, сондай-ақ жұмыс берушiлер бiрлестiктерi мен қауымдастықтарының өкiлдерi қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi, жұмыс берушiлер бiрлестiктерi (қауымдастықтары, одақтары) мен кәсiптiк одақтардың аумақтық бiрлестiгi арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған келiсiм бекiтiлдi.

Осы Келiсiм әлеуметтiк әрiптестiк, экономикалық саясат, халықты жұмыспен қамту, лайықты жағдайлар мен еңбекақы төлеу және әлеуметтiк саясат сияқты бағыттар шеңберiнде жасалды.