2021 жылы мүгедектiгi бар адамдар Әлеуметтiк қызметтер порталы арқылы 93 мыңнан астам қызмет алды

2021 жылы мүгедектiгi бар адамдар Әлеуметтiк қызметтер порталы арқылы 93 мыңнан астам қызмет алды

Баспасөз хабарламасы

02.04.2021 ж. Нұр-Сұлтан қ.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Әлеуметтiк қызметтер порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы 43,7 мыңнан астам мүгедектiгi бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрi — ОТҚ), 6,5 мыңы — ымдау тiлi қызметiн, 30,8 мыңы — жеке көмекшiнiң қызметiн, 12 мыңы — санаторлық-курорттық емдеудi алды және 26,4 мың адам кепiлдiк берiлген әлеуметтiк топтама (бұдан әрi — әлеуметтiк топтама) алуды ресiмдедi.

Портал мүгедектiгi бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерiн өндiрушiнi және жеткiзушiнi өз бетiнше таңдауға мүмкiндiк бередi. Көмек түрiне тапсырыс беру көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берiлген оңалтудың техникалық құралдарын жеткiзу немесе өз бетiнше алып кету арқылы алуға болады.

Мүгедектiгi бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездiк-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар берудi қамтиды.

2021 жылғы 1 сәуiрдегi деректер бойынша 43,7 мыңнан астам мүгедектiгi бар адам ОТҚ, 6,5 мыңы — ымдау тiлi қызметiн, 30,8 мыңы — жеке көмекшi қызметiн, 12 мыңы — санаторлық-курорттық ем алды.

Сондай-ақ, портал арқылы 26,4 мың табысы аз отбасы әлеуметтiк топтама алуды ресiмдедi.

Бұдан басқа, жыл басынан берi МАБ арқылы телефон нөмiрiне sms-хабарлама жiберу арқылы оңалту құралдарымен және қызметтерiмен қамтамасыз етуге 5,3 мың құжат проактивтi түрде ресiмделдi.

Бүгiнгi күнi порталда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн 1394 медициналық-әлеуметтiк мекеме (бөлiмшелер), ОТҚ 764 жеткiзушiсi, 12 мыңнан астам жеке көмекшi қызметiн, 564 ымдау тiлiн, 79 санаторлық-курорттық емдеудi, 207 кепiлдiк берiлген әлеуметтiк топтаманы жеткiзушi тiркелген.

2020 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Электрондық үкiмет порталында (eGov.kz) мүгедектiгi бар адамдарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтерiн көрсетуге электрондық өтiнiм беру мүмкiндiгi iске асырылды. Оңалту құралдарымен және қызметтерiмен қамтамасыз етуге арналған 14,8 мыңнан астам құжат Электрондық үкiмет порталы арқылы ресiмделдi.

Қазiргi уақытта Әлеуметтiк қызметтер порталына 59 208 мүгедектiгi бар адам және «қамқоршы» мәртебесi бар 61 594 адам кiрдi.

2020 жылы портал арқылы ОТҚ-ның 24 түрiн сатып алу мүмкiндiгi берiлдi. Оны 16,3 мыңнан астам адам пайдаланды, оларға 28,8 мың оңалтудың техникалық құралы берiлдi.

Қазiргi уақытта мүгедектiгi бар адамдар жеке iрiктеудi талап етпейтiн ОТҚ-ның 74 түрiн сатып алу мүмкiндiгiне ие. Мысалы, киюге арналған түрлi құрылғылар, жаялықтар, тазартқыштар.

Бұдан басқа, Портал арқылы жеке көмекшiнiң, ымдау тiлi маманының қызметтерiне және санаторлық-курорттық емделуге тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ, табысы аз отбасылардың кепiлдiк берiлген әлеуметтiк топтама алу мүмкiндiгi бар.

«Әлеуметтiк қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн енгiзу Мүгедектiгi бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi ұлттық жоспар шеңберiнде көзделген.

Call-орталықтан 1411 нөмiрi арқылы Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.