БИЫЛ ОБЛЫС БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 2,5 МЫҢ АДАМДЫ ҚАБЫЛДАМАҚ

БИЫЛ ОБЛЫС БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 2,5 МЫҢ АДАМДЫ ҚАБЫЛДАМАҚ

Былтыр облыстың 11 мың тұрғыны, оның iшiнде 7 мыңға жуық бала әлеуметтiк көмек алды.  Сонымен қатар қосымша көмек ретiнде 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларға кепiлдiк берiлген әлеуметтiк топтама берiледi. Өткен жылы мұндай көмекпен 2552 бала қамтамасыз етiлген. Биыл атаулы әлеуметтiк көмекпен 8300 адамды және кепiлдi әлеуметтiк пакетпен 2233 баланы қамту жоспарланған.

Халықтың әлеуметтiк осал топтарына тұрғын үй көмегi, үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтiк көмек, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету сияқты қолдау түрлерi көрсетiледi. Мүгедек адамдарды оңалту бойынша да бiрқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бүгiнде облыста 26 мыңнан астам мүмкiндiгi шектеулi адам тұрады. Биылғы жылдан бастап аталмыш санаттағы тұрғындар жеке қажеттiлiктерiн  әлеуметтiк қызметтер порталы арқылы ала алады.

АЛМАЗ ҚОШМАНОВ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТIРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШIСI:

— «Портал мүгедек адамдарға жеке қажеттiлiктерiн ескере отырып, тауарды немесе қызметтi өз бетiнше таңдауға мүмкiндiк бередi. 2020 жылдың қорытындысы бойынша техникалық құралдармен және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету 82%-ды құрады. 2021 жылдан бастап қызметтер мен құралдармен қамтамасыз ету әлеуметтiк қызметтер порталы арқылы ғана жүзеге асырылады, ол арқылы 8 мыңнан астам тапсырысты жүзеге асыру жоспарланған. »

Былтыр өңiрде  30 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылған. Сондай-ақ «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасына өткен жылы облысымыздың шамамен 24 мың тұрғыны қатысқан. Оның iшiнде 542 жұмыссыз адам еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытылса, ал 938 адам «Бастау бизнес» кәсiпкерлiк негiздерi курстарынан өткен.

АЛМАЗ ҚОШМАНОВ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТIРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШIСI:

— «3 млрд. 671 млн теңгеге 2295 несие мен грант берiлдi. 6,2 мың адам жұмыспен қамтудың  белсендi шараларымен қамтылды. 12,4 мың адам бос жұмыс орындарына орналастырылды. 2021 жылы ҚР Премьер-Министрi мен облыс әкiмi арасында жасалған меморандум аясында 26 мың адамды жұмысқа орналастыру және 12 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр».

2020 жылы облысқа елiмiздiң еңбек күшi артық өңiрлерiнен 1765 адам келдi. Олардың негiзгi бөлiгi ауылдарға орналастырылып, еңбекке жарамды азаматтардың шамамен 96%-ы жұмыспен қамтылды. Биыл облыс шамамен 2,5 мың адамды қабылдауды жоспарлап отыр.

Жаңалыққа сiлтеме: https://petropavltv.kz/kz/news/society/biyl-oblys-bagdarlama-ayasynda-25-myn-adamdy-kabyldamak