
2026 жылғы 18 қыркүйекте Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мекемесінің құрылғанына 55 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.
Мекеменің негізгі қызметі мүгедектігі бар адамдарға жан-жақты көмек көрсетуге, сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған. Бүгінгі таңда Орталықта 200-ден астам мүгедектігі бар адам тұрады және тиісті қызметтер кешенін алады.
Мерекелік іс-шараға мекемеде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен және қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға өз қамқорлығы мен назарын сыйлаған еңбек ардагерлері қатысты.
Мекеменің 55 жылдығына орай, Орталық директоры көпжылдық және адал еңбегі үшін 6 қызметкеріне Басқарма басшысы Р. Елжасовтың атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыстады.