
2026 жылғы 28 тамызда жаңа оқу жылы қарсаңында «Әділет» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында салтанатты іс-шара өтті.
Акцияның негізгі мақсаты мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға материалдық қолдау көрсету, сондай-ақ оқу жылының басталуы қарсаңында балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, жақсы әсер қалдыру болып табылады.
Іс-шара аясында 40-тан астам балаға қажетті мектеп құралдарын сатып алуға арналған сертификаттар табысталды. Мұндай қолдау отбасыларға балаларын жаңа оқу жылына дайындап, оқуын сәтті бастау үшін қажетті заттардың барлығын сатып алуға мүмкіндік береді.
Мерекеге қатысқан балалар үшін мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Аниматорлар балаларға арналған көңілді ойындар мен байқаулар өткізіп, оларға көптеген жағымды эмоциялар мен жарқын әсер сыйлады. Балалар іс-шараға белсенді қатысып, бір-бірімен араласып, мерекелік көңіл-күйді бірге қалыптастырды.
Аталған іс-шараны «Менің балам» қоғамдық бірлестігі мен «Көмек» орталығы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Life Crafting» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында ұйымдастырды. Жобаның тапсырыс берушісі – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Жобаның мақсаты – аутизмі бар балалар мен олардың отбасыларын әлеуметтендіру, тұрмыстық бейімдеу және психологиялық қолдау көрсету.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Мектепке жол» акциясы – отбасыларға қажетті материалдық көмек көрсетудің ғана емес, сонымен қатар балаларға көңіл бөліп, қамқорлық танытуға, оларды қолдап, жаңа оқу жылы қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға мүмкіндік береді.