Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы

2026 жылғы 4 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары М.М. Ерханның төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектер істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

Отырыста мүгедектігі бар адамдарға санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсыну және халықтың аз қозғалатын топтарының облыстың санаторлық-курорттық ұйымдарына қолжетімділігі мәселелері қаралды.Отырысқа Мүгедектігі бар адамдардың істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, облыс әкімінің мүгедектігі бар адамдардың істері жөніндегі кеңесшісі және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша санаторлық-курорттық ұйымдардың өкілдеріне қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар берілді.