
2026 жылғы 29 шілдеде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы сараптамалық жұмыс тобының отырысын өткізді, оның құрамына оған мемлекеттік еңбек инспекциясының, экология департаментінің, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, Кәсіпкерлер палатасының және Кәсіподақ орталығының өкілдері кірді.
Отырыста төрт номинация бойынша кәсіпорындардан 19 өтінім және ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында «Парыз 2026» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстың арнайы сыйлықтары қаралды.
Өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша сараптамалық жұмыс тобының мүшелері облыстық конкурстың 11 лауреатын анықтады.
Ағымдағы жылғы қазан айында өтінім берген барлық кәсіпорындар конкурстың республикалық турына қатысады.