Қандас мәртебесін алу бойынша өзгерістер енгізілді

Қандас мәртебесін алу бойынша өзгерістер енгізілді

Қазақстанда қандас мәртебесін беру ережесі өзгерді.

Маңызды өзгерістердің қатарында - қазақ тілін білуге арналған тест сертификатын алу үшін шекті арттыру. Енді ол әр блок үшін 70% құрайды.

Егер тестілеудің бір немесе екі блогы (мысалы, жазу және тыңдау) бойынша шетелдік шекті мәннен төмен нәтиже алса (70% - дан төмен), олар тестілеуді соңғы өткен күннен бастап 30 күн ішінде екі реттен артық емес қайта тапсыра алады.

Иммиграциялық әлеуетті бағалау жүйесі бойынша ең төменгі өту балы 600 балға дейін көтерілді.

 Мұнда білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, тілдерді, соның ішінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу ескеріледі.