Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы

2026 жылғы 24 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р.С. Елжасовтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектер істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста мүгедектігі бар адамдарды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу сияқты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Отырысқа Мүгедектігі бар адамдардың істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, облыс әкімінің мүгедектігі бар адамдардың істері жөніндегі кеңесшісі және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың өкілдеріне қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар берілді.