
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Әлеуметтік қызметтер порталын дамыту мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесі барысында берген тапсырмасын орындау аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық сервистерді жетілдіру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары аясында:
- «Aleumet» әлеуметтік қызметтер порталында техникалық оңалту құралдарын алушылар арасында онлайн-сауалнама енгізілді.
Анықтама: Сауалнама техникалық оңалту құралдарының құны, қосымша төлем мөлшері және оларды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алудың ыңғайлылығы мәселелері бойынша мүгедектігі бар адамдардан кері байланыс алуға бағытталған. Алынған нәтижелер ағымдағы жағдайды талдау және мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету тетіктерін әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Оңалтудың техникалық құралдары (ОТҚ) бойынша қазақ тіліндегі сауалнамаға өту үшін сілтеме: https://aleumet.egov.kz/survey
- Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау порталында (inva.gov.kz) әлеуметтік, көлік және өзге де инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін бағалауға арналған онлайн өзін-өзі сауалнама жүргізу құралы іске асырылды.
Анықтама: Өзін-өзі сауалнама жүргізу құралы объектілердің иелері мен өкілдеріне арналған және объектінің мүгедектігі бар адамдар мен халықтың басқа да қимылында шектеулі топтары үшін қолжетімділік деңгейін дербес бағалауға мүмкіндік береді. Сауалнамадан өту нәтижелері бойынша объектінің қолжетімділігін арттыру және анықталған кедергілерді жою бойынша ұсынымдары бар есеп автоматты түрде қалыптасады.
Қолжетімділік бойынша өзін-өзі бағалау сауалнамасына өту үшін сілтеме (қазақ тілінде): https://inva.gov.kz/assessment/general-info/?lang=kk