«Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-да өткен Ашық есік күні

«Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-да өткен Ашық есік күні

Ағымдағы жылғы 29 мамырда құрылғанына 50 жыл толуы аясында «Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-да Ашық есік күні өткізілді.

Орталыққа күндіз болу бөлімшесінде қызмет алатын адамдардың ата-аналары, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар келді.

Мекеме әкімшілігі Орталық бойынша экскурсия жүргізіп, ата-аналарды балалардың тұру жағдайларымен және оларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтермен таныстырды. Мамандар тиісті бағыттар бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша консультациялар ұйымдастырды.