
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2026 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.
2008 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысу тегін.
Конкурс «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» сияқты төрт номинациядан, сондай-ақ «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығынан тұрады.
Өткізілетін іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, облыстың барлық кәсіпкерлерін «Парыз» конкурсына белсенді қатысуға шақырамыз.
«Парыз» конкурсы туралы толығырақ ақпарат алып, өтінім беру үшін аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне хабарласуды сұраймыз.