
Қаланы абаттандыру және жақсарту іс-шаралары аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Акцияға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері қатысты. Сенбілікке қатысушылар гүлзарларды жинап, Ж. Жамбыл көшесінің бойымен Қожаберген жырау айналма жолынан бастап Порфирьев көшесіне дейінгі аралықты қоқыстан тазартты. Мұндай іс-шаралар азаматтарды өз қаласын таза, әдемі қалпында сақтап, өмір сүруге қолайлы ету жолында біріктіреді. Таза қала жайлы ортадан және экологияға деген қамқорлықтан басталады.