
Ағымдағы жылғы 22 наурызда Петропавл қаласында зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында шаңғы жарысы және қарда жүруден облыстық турнир өтті. Оған Петропавл, Тайынша, Айыртау және Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет алушылары, барлығы 32 қатысушы қатысты.
Турнир мүмкіндігі шектеулі жандарды спортпен шұғылдануға тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға ықпалдастыру мақсатында Special Olympics Inc спорттық ережелеріне сәйкес өткізілді.
Шаңғы жарысы және қарда жүруден эстафеталық жүгіруде Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының командасы 1-орынды иеленді, ал жеке есепте әр Орталықтан 1-3 орындарды иеленген жеңімпаздар анықталды. Барлық жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды.