
Ташкент (Өзбекстан Республикасы) қаласында пара-армрестлинг бойынша әлем кубогы өтті. Жарысқа Қазақстан, Ресей және Өзбекстан (барлығы 25 ел) құрамаларын қоса алғанда, әлемнің ең мықты армрестлингтері қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысы атынан республикалық делегация құрамында жарысқа «Арман» Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушылар Р. Шарипов, Г.Бабий қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының спортшылары өте жақсы нәтиже көрсетті. Глеб Бабий Әлем кубогының күміс жүлдегері атанып, өз салмағы санатында жалпы ІІ орынға ие болды.