Наурыз мейрамын мерекелеуге орай жиналыс

Наурыз мейрамын мерекелеуге орай жиналыс

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Наурыз мейрамын мерекелеуге орай жиналыс өтті, оның барысында ұлттық мәдениет пен дәстүрге ерекше назар аударылды.

Басқарма қызметкерлері осы іс-шараға белсене қатысып, қазақтың ұлттық киімдерінің алуан түрлілігін таныстыра отырып, ұлттық дәстүрлерді сақтаудың, сондай-ақ Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеудің маңыздылығына басты назар аударды.