
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мүгедектігі бар адамдардың үкіметтік емес ұйымдарымен (бұдан әрі – ҮЕҰ) кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік сектор мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ әлеуметтік қорғаудың өзекті мәселелерін жедел түрде шешу болып табылады.
Кездесуде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер қаралды. Шақырылған сарапшы ретінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Ж. Жұмабекова сөз сөйледі.
Департамент маманы:
— мүгедектігі бар адамдарға және құрамында мүгедектігі бар қызметкерлері бар ұйымдарға Салық кодексінде көзделген жеңілдіктерді талдауды қамтитын салықтық преференциялар туралы ақпарат;
— табыс салығын, көлік және жер салықтарын, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеуден босату шарттарын түсіндіру;
— жеңілдіктер алу үшін есептілікті тапсыру және мәртебені растау тәртібіне қатысты ҮЕҰ өкілдерінің сұрақтарына жауаптар мен практикалық ұсынымдар бойынша кеңес берді.
Сөз сөйлеу барысында Департамент өкілі қатысушылардан аталған тақырып бойынша түскен барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауап берді. Сонымен қатар, Департамент қызметкері ҮЕҰ өкілдеріне тегін білікті көмек алу мүмкіндігі туралы ақпарат берді. Осы жұмыс шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Петропавл қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында (Петропавл қ., Сүтішев көш., 56А) қазіргі уақытта дүйсенбі және жұма күндері «Халықтық бухгалтер» акциясы өтіп жатыр. Акция аясында салық қызметінің мамандары мен кәсіби бухгалтерлер барлық ниет білдірушілерге тегін кеңес береді.
Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері үшін салық салу мәселелері бойынша мынадай тікелей байланыс желілері жұмыс істейді:
- 33-11-07 — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Петропавл қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы;
- 50-00-64 — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.
Мұндай кездесулер тікелей диалог орнатуға мүмкіндік береді, онда қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдар өкілдерінен тікелей құзыретті жауаптар ала алады.