
2026 жылғы 6 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р.С. Елжасов әріптестерді көктем мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Басқарма басшысы әріптестеріне мықты денсаулық, отбасылық амандық және жұмыста табыс тіледі. Мерекелік іс-шара барысында облысты әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Алма Тілегенқызы Махметоваға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасы салтанатты түрде табыс етілді.