Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылғанына 55 жыл

Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылғанына 55 жыл

2026 жылғы 27 ақпанда Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мекемесінің құрылғанына 55 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.

Мекеменің негізгі қызметі қарт азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға жан-жақты көмек көрсетуге, сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған. Бүгінгі таңда Орталықта 200-ден астам қарт пен мүгедектігі бар адам тұрады және тиісті қызметтер кешенін алады.

Мерекелік іс-шараға мекемеде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен және қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға өз қамқорлығы мен назарын сыйлаған еңбек ардагерлері қатысты.

Мекеменің 55 жылдығына орай, Орталық директоры көпжылдық және адал еңбегі үшін 8 қызметкеріне Басқарма басшысы Р. Елжасовтың атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыстады.