
Ақпараттық-түсіндіру науқаны аясында барлық ведомстволық бағынысты Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының ұжымдарында этносаралық келісімді нығайтуға, демократияны дамытуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясының жобасы талқыланды.
Талқылау спикерлер мен жұртшылықтың қатысуымен өткізілді. Кездесулер барысында қатысушыларға алдағы жалпы республикалық референдум туралы айтылып, негізгі Заңдағы негізгі өзгерістер, олардың мемлекеттің одан әрі дамуы үшін маңызы қарастырылды. Жаңа Конституция жобасының «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне әсері ерекше атап өтілді.
Орталық қызметкерлері белсенді түрде сұрақтар қойып, жобаның негізгі ережелері бойынша толық түсініктемелер алды.