
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 194 бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларына ротация жүргізу қағидаларына сәйкес ағымдағы жылғы 2 ақпанда ротация жөніндегі комиссияның ұсынымдары негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары арасында лауазымдық орын ауыстырулар жүргізілді. Комиссия құрамына уәкілетті органның, ұйымның, әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен жұртшылық өкілдері кірді.
Ұйымдардың басшыларын ротациялау олардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Ротация «Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ және «Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ басшылары арасында, сондай-ақ «Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ және «Надежда» Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ басшылары арасында жүргізілді.
Басқарма басшысы Р. С. Елжасов Орталық ұжымдарына ротация шеңберінде жаңадан тағайындалған директорларды таныстырды.