
2026 жылғы 23 қаңтарда Жамбыл ауданының аудандық мәдениет үйінде Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылғанына 10 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Бүгінгі таңда мекеменің негізгі қызметі мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға және әлеуметтік бейімдеуге бағытталған. Орталықта 200-ден астам мүгедектігі бар адам тұрады және арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін алады.
Басқарма басшысы Р.С. Елжасов мекеменің 10 жылдығына орай көп жылғы және адал еңбегі үшін Орталықтың 10 қызметкеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыстады.