
Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу аясында 2025 жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласында «Еңбек жолы» республикалық байқауының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
«Еңбек жолы» өңірлік байқауына 26 адам қатысты, оның ішінде: «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша - 4, «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша -11, «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша - 11.
Өңірлік байқаудың жеңімпазы болған Қабошева Асылтас Назарқызы (Петропавл қ. «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ) байқаудың республикалық турында «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша 3 орынды иеленіп, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.
Сонымен қатар, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында III дәрежелі «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл ЖЭО-2 қазаншұңқыршысы Малдыбаев Болат Батталұлы да «Еңбек Даңқы» орденін алды.