Ағымдағы жылғы 19 желтоқсанда СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментімен бірлесіп Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізілді.
Жалпы оқытуға СҚО ЖҚҮӘББ, Еңбек мобильділігі орталығының мамандары, Мансап орталықтарының мамандары бейнеконференция режимінде қатысты.
Жалпы оқыту барысында МҚАД маманы Н.Е. Жанмұрзина Мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік-құқықтық актілері мен стандарттарына түсініктеме берді. СҚО ЖҚҮӘББ және ЕМО мамандарымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын сұрақтар қойылды.