
2025 жылғы 19 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а. А.Қ. Сейітовтің төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектер істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексі нормаларының сақталуын тексеру қорытындылары туралы, Петропавл қаласы мен облыс аудандары бөлінісінде мүгедектікке алғашқы шығуды талдау, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу кезінде 031у нысанын толтыру сапасы бойынша медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультативтік комиссияларының жұмысы, мекемелердің қолжетімділігі туралы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мәдени, мәдени – ойын-сауық іс-шаралары сияқты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Отырысқа Мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, облыс әкімінің мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі кеңесшісі және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың өкілдеріне қарастырылған мәселелер бойынша тиісті нұсқаулықтар берілді.