
Тұрғын үйді шығыстары отбасының жиынтық табысының 5%-ынан асатын отбасыларға тұрғын үйді күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телефон үшін абоненттік төлемақыға ақы төлеу жөніндегі шығындарды, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу жөніндегі шығыстарды өтеуге тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегін алу үшін азаматтар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтінішпен және тиісті құжаттармен жүгіне алады.
Бұдан басқа, көмектің бұл түрін үйден шықпай-ақ, электрондық-цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар болған жағдайда www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.
ЭЦҚ болмаған жағдайда өтінімді өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары жұмыс істейтін Халыққа қызмет көрсету орталығына, ауылдық округ әкімдігіне, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіну арқылы, сондай-ақ интернетке қолжетімділігі бар өзінің дербес компьютерінен арқылы онлайн алуға болады.