Рецидивтік қылмыс деңгейін қысқарту үшін қабылданатын шаралар бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл

Рецидивтік қылмыс деңгейін қысқарту үшін қабылданатын шаралар бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл

Ағымдағы жылғы 8 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Рахатұлы Жұмағұловтың төрағалығымен Қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде спорттық іс-шараларды өткізу, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қатысуымен Кәсіптік оқыту, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен жұмысы туралы мәселелер қаралды.  

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.