
2025 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласында Мемлекет басшысының, Үкімет мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Ағымдағы жылы «Парыз» конкурсына республиканың 500-ге жуық кәсіпорны қатысты, оның ішінде облысымыздың жеке кәсіпкерлік субъектілерінен 32 өтінім келіп түсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Бас жүлдесі» «Ақ-Ниет-Агро және К» ЖШС-ға (Ақжар ауданы, директоры – Шәпенов Ғиззат Мұхамедиярұлы) берілді.
«Қос ағаш» ЖШС (Мамлют ауданы, директоры - Белоусов Андрей Николаевич) шағын және орта бизнес субъектілері арасында «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша 2-орынды иеленді.
Екі кәсіпорынға да лауреаттар дипломы және естелік мүсіншелер табысталды.