ҮЕҰ-ға арналған әлеуметтік жобалар

ҮЕҰ-ға арналған әлеуметтік жобалар

«СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылаудың өтетіні туралы хабарлайды.

Көпшілік талқылау 2025 жылғы 4 желтоқсан мен 2025 жылғы 18 желтоқсан аралығында 10 жұмыс күні ішінде онлайн форматта өткізіледі. Сұрақтар, түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер жазбаша түрде де (электрондық мекенжайға t.abishev@sqo.gov.kz), ауызша түрде де (тел. 8 7152 46-92-16) қабылданады, сондай-ақ сайтта түсініктемелер қалдыруға болады.

Анықтама телефоны: 8 7152 46-92-16.