«СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ басшысы Р. С. Елжасов Мироняк Василий Яковлевичке «Еңбек ардагері» медалін табыстады

«СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ басшысы Р. С. Елжасов  Мироняк Василий Яковлевичке  «Еңбек ардагері» медалін  табыстады

Бүгін «Қазақстандық саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесінде «СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ басшысы Р. С. Елжасов еңбек сіңірген қызметкер, кәсіпорынның бұрынғы басшысы Мироняк Василий Яковлевичке Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін  табыстады.

Марапаттау рәсімінен кейін Р. С. Елжасов  кәсіпорынның жұмыс орындары мен өндірістік бөлмелерін аралап, еңбек жағдайларымен және өндіріс процесімен танысты.