
Ағымдағы жылғы 26 қарашада Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мекемелерінің өкілдерімен түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселесі бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар skills.enbek.kz платформасында онлайн режимде кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тетігін талқылады.