
Ағымдағы жылғы 26 қарашада Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «Казгидромет» ШЖҚ РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ЭБЖМ филиалының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараның негізгі тақырыбы: 2026 жылы күшіне енетін субсидияланатын жұмыс орындарын іске асыру тетігіне енгізу жоспарланған өзгерістер.
Диалог барысында инновацияларды іс жүзінде іске асыру және жаңа ережелерге көшу кезінде іс қимыл алгоритмін әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.