
Ағымдағы жылғы 27 қарашада халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, әділет, ішкі саясат салаларының, ҰҚК СҚО бойынша шекара қызметі департаментінің, СҚО полиция департаментінің, мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің, үкіметтік емес ұйымның қатысуымен адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия жұмысына СҚО бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ж.Ж.Жұмабаев қатысты.
Комиссияда халық арасында ҮЕҰ арқылы адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдени-ағарту, ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, адам саудасына қарсы іс-қимылға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды.
Талқылау барысында Комиссия мүшелері пікір алмасып, одан әрі адам саудасына қарсы күрес саласында жұмыс істеу, мәжбүрлі еңбек фактілерін анықтау және жекелеген бағыттар бойынша шараларды жандандыру жөнінде ұсыныстар берді.