Тайынша қаласының Отбасын қолдау орталығының базасында Отбасын қолдау орталықтарының қызметі бойынша көшпелі семинар-кеңес өткізілді

Тайынша қаласының Отбасын қолдау орталығының базасында Отбасын қолдау орталықтарының қызметі бойынша көшпелі семинар-кеңес өткізілді

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастамасымен 2025 жылғы 26 қарашада Тайынша қаласының Отбасын қолдау орталығының базасында Отбасын қолдау орталықтарының қызметі бойынша көшпелі семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары қатысты.

 Қатысушылар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың, қатыгездік жағдайларын ерте анықтау тетіктерін, зардап шеккен әйелдер мен балаларға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады. Отбасын қолдау орталығының мамандары практикалық жұмыс тәжірибесімен бөлісті, қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды сүйемелдеудің ең тиімді құралдары туралы айтып берді, сондай-ақ проблемаларды шешудегі кешенді көзқарастың маңыздылығын атап өтті.