Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Атаулы әлеуметтік көмек - жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға берілетін уақытша мемлекеттік қолдау.

Шартты ақшалай көмек тағайындалған жағдайда (құрамында еңбекке қабілетті отбасы мүшелері бар отбасыларға тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек түрі) жұмыссыз азаматтар үшін жұмысқа орналасу немесе белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысу (оқыту, қоғамдық жұмыстар, грант алу) міндетті шарт болып табылады.                                                      

Ағымдағы жылы 3712 азаматқа (856 отбасы) 337,6 млн. теңге сомасына көмек  көрсетілді. Сонымен қатар, егер атаулы әлеуметтік көмек алушылар отбасыларының құрамында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар болса, онда қосымша 1,5 айлық есептік көрсеткіш (5898 теңге) мөлшерінде төлем тағайындалады. 1032 бала 36,3 млн. теңге сомасында  көмек алды. АӘК алу үшін тұрғылықты жері және тіркелген жері бойынша Мансап орталығына, ауыл (селолық округ) әкіміне жеке куәлікпен жүгінуге не электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда egov.kz электрондық үкімет порталы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы өз бетінше өтініш беруге болады.