2025 жылы облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында Отбасын қолдау орталықтары құрылды

2025 жылы облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында Отбасын қолдау орталықтары  құрылды

2025 жылы облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында Отбасын қолдау орталықтары  құрылды. 

Заңнама нормаларын орындау аясында аудандардың (қаланың) әкімдіктері өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтар (бұдан әрі – мобильдік топтар) құрды, олардың құрамына білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер және халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері кірді.

Қазіргі уақытта мобильді топтар Отбасының цифрлық картасының деректері негізінде дағдарыс «D» және мүшкіл «Е» санаттарындағы отбасылар санын азайту бойынша негізгі индикаторды орындау бойынша жұмыс жүргізуде.

Мобильді топтар азаматтардың мәртебесін нақтылау, сондай-ақ қажетті қолдау шараларын айқындау үшін жергілікті жерлерде отбасыларды аралайды.

Жұмыспен қамту шараларымен 977 адам қамтылды, медициналық ұйымдарға және мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2 991 адам бекітілді, 2689 адамға басқа да қолдау шаралары (2024 жылы көмек көрсетуге мұқтаж деп танылған азаматтарды ескере отырып) көрсетілді.