Қарттар мен мүгедектігі бар адамдар күніне арналған мерекелік іс-шаралар

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдар күніне арналған мерекелік іс-шаралар

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі облыстық іс-шаралар аясында Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында 1 қазан мен 31 қазанға аралығында бір ай ішінде аға буын мен мүгедектігі бар адамдарды құрметтеуге бағытталған түрлі мерекелік, ойын-сауық, спорттық, тақырыптық іс-шаралар өткізілді, қызмет алушылармен орындалған қолөнер жұмыстары мен бұйымдарының көрмелері ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, айлық барысында мекемелерде Ашық есік күндері өтті. Мекеменің қызметімен, қызмет алушылардың тұру жағдайымен және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасымен танысу мақсатында Ашық есік күні мекемеге қызмет алушылардың туыстары келді.